Ел басқарғысы келетін шәкірт...
Ел басқарғысы келетін шәкірт...

Саясаттан жақсы хабары бар бір ұстаз шәкірттеріне күн сайын дәріс берумен қатар оларға ғибрат болсын деп кейде өзінің өміріндегі білген түйгендерімен бөлісіп отырады екен. Бір күні тап сондай жап-жақсы дәріс өтіп жатқан сәтте әлгі ұстаз шәкірттерінің арасынан күтілмеген сауалға душар болады.

-Шәкірті: Ұстаз мен ел басқарып халық қалаулысы болғым келеді. Бұған не дейсіз?! - деген көрінеді.

-Сонда ұстазы шәкіртінің көзіне тік қарап: Ей, балақай осы сенің қатының бар ма? - деп шәкіртіне кері сауал қойыпты.

-Шәкірті сауалдың мәнісін түсінбеген кейіп танытып сәл кідіріп жоқ ұстаз әлі қатын алған жоқпын дейді.

-Ұстазы: Сен ел басқарғым келеді дейсің. Құдай ниетіңе жеткізсін. Бірақ, алдымен қатын ал. Қатыныңды бағындыра алсаң маған қарай кері кел, егер бағындыра алмасаң ел басқарам дегеннен әрі кет тіптен мұны ойыңа алушы болма деген екен.

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
2 жыл бұрын 1174
0 пікір
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41