«Уахабилер – мұсылман емес» Шешен Республикасы басшысының кеңесшісі болып қызмет атқаратын қазақ жігіт Аян Жұмашев осылай айтты деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.
– Шешенстандағы жағдайды айтасыз ба?
– Қазіргі балалар басқа ғой. 21 ғасыр, модернизация. Күштер де, әсер ету шаралары да өзгеше. Жауларымыз осыны пайдаланып жатыр. Осы Атырауда да, Ақтөбеде де діни экстремизм мәселесі бар. Адам санасын жаулау үшін түрлі бейнежазбалар, мәтіндер, жобалар, идеялар таратады. Мемлекетте бұл үшін кім жауап береді? Үлкен ғаламдық оқиғалар болып жатыр, осылармен бірге балалар да күн сайын өзгеріп отырады. Мен осы бірнеше жылда уахабизмнің қандай зұлматтар әкелетінін көрдім, мұның қаншалықты қауіпті екенін адамдар әлі түсінбей жүр. Шешенстанда естіген оқиғаларым туралы айтам. Уахабишіл-экстремистер – ақылдан адасқан адамдар, оларға адамның өмірі, мақсаты, жоспары түкке тұрмайды. Оларды бұл мүлдем қызықтырмайды. Бұл адамдардың санасын улайтын жалған миссионерлер. Мысалы, сен кедейсің бе, бай адамдар бар, соларды өлтіріп, байлығын тартып алуың керек.
– Дегенмен, құран бір емес пе, олар оны өздерінше тәпсірлей ме?
– Иә, бұл – үлкен күнә, Алланың алдына барғанда осының барлығы үшін жауап береді, өйткені, Құранда бәрі анық жазылған, әр сөз өз орнында тұр.
– Алайда уахабилер барлығын Алланың атымен жасайды ғой.
– Олар өздерін қалай атаса да, олар мұсылман емес. Мұсылмандар ондай болмайды. Бұлар исламның атын жамылушылар. ДАИШ-ті алайық, мен бұларды шәйтан деп есептеймін. Әлемнің бар шәйтаны бір жерге жиналған.
«БАСТЫСЫ, ҚАЗІР ШЕШЕНСТАНДА СОҒЫС ЖОҚ»
– Шешенстанда уахабизм мәселесі күрделі ме?
– Жоқ, оларды түбегейлі жойды.
– Күшпен бе?
– Олармен енді қалай күресуге болады? Алайда тек қана күшпен емес. Бірінші кезекте халықты сауықтырды. Діни қайраткерлерді, ресми діни ұстанымды дамытты, ненің дұрыс, ненің бұрыстығын түсіндіру үшін мешіттерге адамдар жинай бастады. Бұл уақытта халықтың өзі соғыстан шаршаған еді, қалай екенін өз көздерімен көрді. Хаттаб, Басаев сияқты белгісіз жақтан келген жансыздар елді бүлдіріп, адамдардың ажалынан үлкен ақша жасады… Тек бұл елдерді – Қазақстан мен Шешенстанды салыстыруға болмайды, бұл халықтар бір-біріне мүлдем ұқсамайды, тағдырлары да әр түрлі. Бұл уақытқа дейін Шешенстан халқы екі соғысты басынан өткізді. 2001 жылы ел басына Шешен Республикасының алғашқы президенті, Ресей Қаһарманы Ахмат қажы Қадыров (Рамзанның әкесі) келді. Ол тек саясаткер емес, діни қайраткер, мүфти еді. Федералдық күштер де тартылды, ол Ресей президенті Путинмен жақсы қарым-қатынаста болды, ол оның жақын досы еді, олар бір-біріне сенді. Ахмат қажы Қадыров тәртіп орнатуға сөз берді. Расымен де, бүгінгі Шешенстанды үлгі тұтуға болады. Қандай құралдардың қолданылғаны маңызды емес, ең бастысы, бүгін Шешенстанда соғыс жоқ, адамдар толыққанды өмір сүріп жатыр: тіршілігін де жасайды, құдайға да құлшылығы толық, еркін жүріп-тұрады… Қазір оның ұлы Рамзан Қадыров өңірде бейбіт өмір орнатты, бірде-бір шәйтан Грозныйға келіп, бір нәрсе істей алмайды, қорқады.
– Бізде уахабизм діни қозғалыс ретінде белсенді дамып жатыр және ең алдымен жастардың санасын улауда.
– Жастар оларға ермес үшін ата-аналар балаларының немен шұғылданып жүргендерін білуі керек, телефондарын, уатсаптарын қарап, қадағалауы керек…
"Аулаққа шықпай,
Сыбырға бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге."
"Сыбыр боп сөзі,
Мәз болып өзі,
Ойланар елдің сыйқы жоқ" - дегенге саятын бейқам, кертартпалығымыздан әлі толық айықпадық.
Егер ол дерттен айыққан да тым болмаса мешіт ішінде бөлінушілік, сөз тыңдамаушылық болмас еді ғой. Бүгінде әркімнің өз имамы өз ұстазы бар. Сол не айтса. соның жолында. Абайдың аулаққа шықпай дегені тереңге бармай су бетін салпылдатып, сыры терең дүниеден гөрі құлаққа жеңіл сыбырға еріп, Алла деген сөзді жеңіл көріп желпініп жүргендерге қарата айтылғаны болса керек.
Мешіт имамдары да уағыз насихаттарында кішкене қаттырақ айтып, елді бірлікке ұйытып, көптен бөлініп жүргендердің көзін ашып жүректерге жетудің, көкірек көзін аршып алудың жаңа жолдарын іздестіру керек. Бірыңғай баяу ғана гуманистік немесе баяндамалық сипаттардан арылып, қазіргі қазақ алдына шығып көп адамдардың қазақы мұсылмандық негіздерді ұстап қалуына жол ашып жүрген жас ғалым имамдардың қарасын көбейту керек.
Діни басқарманың ұстанып отырған бейбіт саясатын түсінемін әрі қолдаймын. Бірақ ойлану керек. Қаншама жастар, көбіне қазақылықтан арыдан айырылып қалған орыс тілді жастар басқа ағымдарға көп өтіп кетіп жатыр. Біз адасқандарды қайтара алмасақта енді адасуға жол бермейтіндей жаңа жол жасауымыз керек. Әйтпесе үлкен қауіптердің бары анық.