Бақыт министрі деген лауазым пайда болды
Бақыт министрі деген лауазым пайда болды

Естімеген елде көп деген осы. Біріккен Араб әмірлігінде лауазымды қызметтің жаңа түрі пайда болды. Бұл ақпаратты БАӘ-нің премьер-министрі, Дубай қаласының әміршісі Мухаммед әл-Мактум өзінің Твиттер парақшасында жариялап отыр.

Оның айтуынша, Бақыт министрі міндеті – мемлекеттік бағдарламалар мен саяси шаралар арқылы «қоғамды бақыттырақ ете түсу». Сондай-ақ, діни төзімділікті «әмірлік қоғамындағы басты құндылық» ретінде дамыту да осы министрліктің қызметіне жатады.

Премьер-министр БАӘ-нің президенті Халиф ибн Заид әл-Нахайян Бақыт министрі жайында өз мақұлдауын бергенін айтады.

http://maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1589-bakyt-ministri-degen-lauazym-pajda-boldy

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
8 жыл бұрын 3240
0 пікір
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41