Қасиетті Рамазан айына санаулы ғана сағаттар қалған сәтте Ақтөбедегі қанды оқиға күллі қазақ жұртының жағасын ұстатты. Алла Тағаланың рахымына ие болып, сансыз сауапқа кенелетін берекелі айдың берекесін қашырған қандықол қарақшылардың қылығы адамгершіліктен алыстап, мұсылмандығыңа пысқырмайтындардың тірлігі екенін айғақтайды. Бейбіт күнде қолына қару алып, қан төккен қаныпезерлердің әрекеті халық арасында қызу талқылану үстінде.
Жайбарақат күнде жай түсіргендей әсер еткен оқиғаға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазы алдында өз пікірін білдірді. Шынайы мұсылманның өзгеге қолы түгілі, тілімен зиян тарқызбайтынын айтып өткен Бас мүфти нақақтан қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. Осынау қасиетті айда еліміз бен жеріміздің тыныштығынан айырып, дүрбелең туғызуды көздеген жат пиғылдардан сақтауын сұрап дұға етуге шақырды.
Бас мүфти Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікірін білдірді
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.