Ағымдағы жылы саяхат үшін ең арзан елдер Үндістан мен Индонезия деп танылды. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген шетелдік «Skyscanner» туристік қызметі хабарлады. Тізімді жасау барысында екі адамның бір тәуліктік жатын жайы, тамақтануы мен көлікке жұмсалатын ақшасын сараптау қорытындысы негізге алынған.
Үндістан мен Индонезиядағы бір күндік сапарына жұп орташа алғанда 40 доллар жұмсайды. Авторлар атап өткендей, үнемшіл туристер үшін Үндістанда тәулігіне 20 доллар да жеткілікті болуы мүмкін.
Непал мен Вьетнамды бір күн аралауға 45 доллар кетеді екен. Лаоста 55 доллар, ал Шри-Ланкада 60 доллар жұмсалады.
Тізімді құрастырушылар Ресейге көршілес елдерде де арзан демалуға болатынын айтады. Мәселен, Абхазияда бір тәулікте 65 доллар, Арменияда 70, ал Грузияда 80 доллар қарыштайсыз.
Еуропалық елдердің ішінде қалта көтерерлік елдер болып Сербия, Болгария, Черногория, Румыния және Венгрия саналады. Мұнда тәулігіне шамамен 70-тен 85 долларға дейін қаражат қажет.
Рейтингті құрастырғанда ұшақпен ұшуға төленетін ақша есептелмеген.
http://www.maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1478-sayakhat-shin-e-arzan-elder