Иман да шыны секілді
Иман да шыны секілді

Ұстазына шəкірті айтады дейді.

-Ұстаз көзімді күнəдан тия алмай жүрмін. Қайда қарасам да əйтеуір бір күнəні көремін. Бұдан қалай арыламын?! - деп сауал қойыпты.
-Сонда ұстазы шəкіртіне ішіне су құйылған шыныны ұстатып мынаны ал да анау тұрған мұражайға барып қайта айналып кел депті.
-Шəкірті ұстазы айтқанындай су құйылған шынымен мұражайға барып ұстазының жанына қайта айналып келеді.
-Ұстазы шəкіртіне мына шыныны ұстап жүргенінде айналаңнан нені байқадың? - деп сұрақ қойыпты.
-Шəкірті болса ұстаз айналамнан ештеңе байқамадым деп жауап қайырыпты.
-Жылы шырай танытқан ұстазы міне көрдің бе айналаңнан ештеңені байқамағаның бар ойың шыныға ұқыппен қарауыңда. Иман да құдды сол шыны секілді. Иманыңа сен де ұқыппен қарайтын болсаң, айналаңдағы ешеңені көрмес едің деп тағлымы мол сөз қалдырып кетіпті.

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
8 жыл бұрын 4588
0 пікір
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41