Психолог пен шәкірт!
Психолог пен шәкірт!

Ешкімге зияны жоқ бір психолог болыпты. Бірақ оның әрбір айтқан сөзінде бір ғибрат жатады екен. Күндердің күнінде шәкірттері ұнамсыз қылық жасап қойып әлгі психологтан ауызекі ескерту алыпты. Сол ескертуінен шәкірттері жақсы әсер алғанынан ма әйтеуір ертесіне психолог ұстазын көріп бет жүздері қызара түсіпті. Бет жүз қызаратындай психолог не айтты екен деп те іштей ойлап отырған боларсыздар. Ол былай сол кезде психолог ұстазы шәкіртінің  ұнамсыз қылығын қош көрмей жалпылама былайша:

«Шәкірт деген қатты ашыққанда ғана жеп ішуі, ұйқысырап ұйқысы келгенде кезде ғана ұйықтап жатуы, айтудан басқа шарасы жоқ болғанда ғана айтып қалуы,  тым құрығанда адамдарға бір пайдам тисін деген ниетпен адамдарға жылы қабақ таныта білуі немесе игі амал жасауы міне бұл нағыз шынайы шәкірттің іс- әрекетіне жатады. Әгәрәки, адам баласы тоя тұрып жеп ішуден әрі аса алмаса жүрегі қатая бастайды. Бар ілімін бос нәрсеге жұмсайды.  Көп жеудің кесірінен адам ұйқышылдықтан әрі бос сөзден шыға алмайды.  Бос сөзді көп айтатын шәкірттің бойынан қандай шынайылық табылады?!»  деп ағынан жарылса керек.Сонда оны естіген шәкірттері ләм,мим демей құдды біреу олардың тілін кесіп алғандай үнсіз қала беріпті.  

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
8 жыл бұрын 3182
0 пікір
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41