Шоқан Шыңғысхан тұқымынан болмаған ба?!
Шоқан Шыңғысхан тұқымынан болмаған ба?!

Қазақ тарихшылары Шоқан Уәлихановтың төре екендігі және оның арғы атасы Абылайхан болып табылатындығы туралы өз еңбектерінде жазған жазып та келеді. Ал, Абылайханды Шыңғысхан тұқымымен байланыстырып келген "Шоқантанушы" тарихшылар да аз емес. Мәселен, Шоқантанушы тарихшы Самат Өтениязовтың "Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармалар жинағы Алматы: 1985ж" , "Ш. Уәлиханов А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармалары Алматы: 1989ж" кітаптарында Абылайхан Шыңғысхан ұрпағынан екендігін келтіреді.

Бірақ, Бұқар жыраудың мына өлең жолдарында: 

"Ей, Абылай, Абылай!

Мен өзіңді көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің!

Жаныс Қарабайдың үйінде

Түнде туған ұл едің,

Әкең – күмән әуелден,

Оны да мен білемін!"- деп негізгі тегі қайда барып тірелетіндігін айтқан көрінеді [1]. Яғни "Үйсін Төле бидің, Түйесін баққан құл едің! Жаныс Қарабайдың үйінде, Түнде туған ұл едің" деу арқылы Ұлы жүздің ішіндегі Жаныс руынан болғанын Абылайханның бетіне Бұқар жырау баса айтады.

 Десе де осыған ұқсас Бұқар жыраудың тағы бір өлеңінде: 

"Ай, Абылай сен он бір жасыңда 
Тұрымтайдай ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің .
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайдың қолында
Түнде туған ұл едің" - деп келетін тағы бір нұсқасы бар [2]. Мұнда мән беріп қарайтын болсақ керісінше Абылайхан "Арқадағы Әбілмәмбет төренің түйесін баққан құл едің, Жаныс Қарабайдың қолында, Түнде туған ұл едің" деп келеді. Бұған не дейміз?! Сонда расында да Шоқан Уәлиханов тікелей Шыңғысханның ұрпағы болмаған ба?! Ал, болған дейтін болсақ алғашқы нұсқасы бұрмаланып осы күнге дейін келіп жатқандығында ма?! Ендеше, бұрмаланған  өлеңдерге қалайша жол беріп жатырмыз? Қашанға дейін өз өзімізді алдап жүре бермекпіз. Өкініштісі сол сұрақ көп жауап жоқ боп тұр...

Пайдаланған мәліметтер:

1.Қазақ үні газеті: http://www.qazaquni.kz/?p=18484

2.Сайт: http://bukharzhirau.psu.kz/index.php/le-deri

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
9 жыл бұрын 4924
0 пікір
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41