Сипаттамасы: Әр 10 секундта ащы судың салдарынан әлемде бір адам көз жұмады. Қу арақ бір жылда 3 миллион адамның өмірін жалмайды. Ішімдік үшін қызын сатпақ болып халықтық тәжірибе жүргізіпті. Көпшілік бұл тәжірибені қалай қабылдады?", - делініпті эксперименттің сипаттамасында.
Қысқаша мазмұны: Кадрлардан жұпыны киінген ер адам мен оның шартты түрдегі 5-6 жасар қызы көшедегілерден көмек сұрайды. "Папа, олай істемеші, жүрші үйге қайтайық", - деп жалынады қызы. Алайда "әкесі" көрінгенге өтініш жасап, қызын араққа сататынын айтады. Көшедегілер оның әрекетін бір ауыздан сөгіп, қарсы болады. "Қызымды сатамын, өзімнің жағдайым жоқ. Арақ берші", - дейді ер адам.