Біз не деген пендеміз...?!
Біз не деген пендеміз...?!

Жақсыменен жаманды əлі айыра алмай келеміз,
Себеп салдар іздеумен бүгінгі күнмен жүреміз.
Ертеңімізді ойламай дүниені қуып кетерміз,
Басыңа бəле келгенде Құдайды ойлап кетеміз.
Пенделікке салынып білгенімізді істерміз,
Ешбір жанды елемей өз жөніңмен жүр дерміз.
Басыңа іс түскенде адал досты іздерміз,
Адал досың жоқ болса ешкімге сенбей өтерміз.
Онымен қоймай Құдай-ай не жаздым деп жүреміз,
Сан сауалды бірақ біз, өзімізге қойып көрмеппіз.
Айтыңдаршы ағайын біз не деген пендеміз...?!

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
8 лет назад 3633
0 комментариев
О блоге
0
118110 105 217 1301 41
Прямой эфир