Тоғылық Темірхан бірде аң аулауға шығыпты. Бұл істен ешкім де шет қалмасын деп жарлық та берген екен. Аң аулап жүргенде хан сарбаздары тау бөкетерінде демалып отырған бір топ адамды ұстап алып, байлап-матап Тоғылық Темірханның алдына алып келеді. "Бұлар сіздің жарлығыңыздан бас тартып, аң аулауға келмей қалған адамдар. Оларға қандай үкім шығарасыз" дейді ханның сарбаздары. Хан оларға қарап: "Неге менің жарлығымнан бас тарттыңдар?!" - деп сұрапты. Сонда араларынан ілімді кісі: "Біз жолаушы адамдармыз, қираған Катак қаласынан келе жатырмыз. Аң аулау жайындағы сіздің жарлығыңыздан бейхабармыз. Білсек, сіздің жарлығыңызды бұзбас едік" депті. Сонда Хан: "Тәжіктер адам емес" дейді. (Сол сәтте әлгі Тоғылық Темірхан шошқа етін) иттеріне беріп жатқан болса керек. Хан ашумен: "Сен жақсысың ба әлде мына ит жақсы ма" - деп тосыннан сауал қояды. Әлгі ілімді кісі: "Егер менде иман болса мен жақсымын, егер мен де иман болмаса онда менен ит артық" деп жауап қатады. Мынандай жауаптан кейін Хан қызметшілерінің бірін шақыртып алып: "Мына Тәжікті құрметтеп, өзіңнің атына мінгізіп менің алдыма әкелгін", - деп бұйырады. Әлгі ілімді кісіні Ханның қызметшісі алдына апарады. Хан одан: "Адамды иттен артық ететін не нәрсе?" деп сұрапты. Ілімді кісі Ханға: "Ол иман" деп жауап береді. Бұдан кейін ілімді жан ханға мұсылманның шарттарын түсіндіріп кетеді. Хан көзіне жас алып: "Егер мен хандық тағына ие болып, тәуелсіздік алсам, сөзсіз алдыма келетін болғын, мен, әрине мұсылман боламын" деген екен.
Тоғылық Темірханның Ислам дініне бет бұруына Құдайдың қалауымен себепші болған әлгі айтып отырған ілімді кісіміз Шейх Жамаладдин болатын. Тарихи-и Рашиди кітабында көптеген қызықты оқиғаларға тап болады екенсің. Қысқасы бір оқысаң шыға алмайсың... Солай!!!
Тоғылық Темірхан неге жылады?!
|
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.