Бұрын лаңкестік болған Шұбарши ауылында салафизмді ұстанатындар әлі де көп
Ақтөбе облысының Темір ауданында “діни ахуал өте күрделі” деген сөз бұрын айтылатын. Осы жағдайға байланысты 2015 жылы Темір ауданы прокуратурасында өңіраралық арнайы орталық ашылған еді. 27 қаңтар күні Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің 2015 жылды қортындылаған жиынында Темірдегі ахуалға қатысты ресми деректер жария етілді. Бүгінгі күні осы ауданда тұратын 455 адам дәстүрлі емес дін жолында жүр. Бұл туралы мәліметтерді жиында Темір аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Мұрат Бекетаев баяндады. — Аудан мешіттеріне былайғы күндері 100-110 адам барса,...