Бала саудасы
Бала саудасы
Сипаттамасы: Әр 10 секундта ащы судың салдарынан әлемде бір адам көз жұмады. Қу арақ бір жылда 3 миллион адамның өмірін жалмайды. Ішімдік үшін қызын сатпақ болып халықтық тәжірибе жүргізіпті. Көпшілік бұл тәжірибені қалай қабылдады?", - делініпті эксперименттің сипаттамасында. 
Қысқаша мазмұны: Кадрлардан жұпыны киінген ер адам мен оның шартты түрдегі 5-6 жасар қызы көшедегілерден көмек сұрайды. "Папа, олай істемеші, жүрші үйге қайтайық", - деп жалынады қызы. Алайда "әкесі" көрінгенге өтініш жасап, қызын араққа сататынын айтады. Көшедегілер оның әрекетін бір ауыздан сөгіп, қарсы болады. "Қызымды сатамын, өзімнің жағдайым жоқ. Арақ берші", - дейді ер адам.
Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
8 жыл бұрын 5131
7 пікір
  • Сабыржан, айналайын, бауырым! Денем түршігіп кетті... Жылап жібердім ғой... Сұмдық-ай! Алла сақтай гөр! Бұл жай ғана әлеуметтік тәжірибе болып қалсыншы... Беті құрысын! "Баласын бауыр етім" дейтін, "арым - жанымның садақасы" дейтін, "итің жаман десе, көңілі қалатын" халық емес пе едік? Бала сатқан деген не пәле? Құрысын... Бетін аулақ етсін!
    8 жыл бұрын
  • Нар екенсіңдер, қазақтың жігіттері! Асылдан қалған тұяқтар, бар екенсіңдер! Бәрі дерлік әлгі "псевдоішкіштің" жағасынан ала кетті... Бәріне түрпідей тиді мына сұмдық! Сендердей ұрпақ тұрғанда біздің тұғырымыз қашанда биік, еңсеміз көтеріңкі, жүзіміз ашық болады! Алла жар бола гөр!
    8 жыл бұрын
  • Бүгінгі күннің қаһармандары...
    8 жыл бұрын
  • Соңғы Жігіт нағыз Нар екен!!! Аллам Разы болсын, міне осындай Қазақ жігіттері көп керек дал қазір біздің Қоғамға!!!
    8 жыл бұрын
  • Ия, расында да дене түршігіп, көзден шыққан ащы жасқа ерік бере алмадым((( Өкінішке орай, қаншалықты қиын болса да, бұл қазіргі қоғамда болып жатқан жан түршігерлік жағдайлардың бір көрінісі емес пе?! Алла сақтасыншы, қатайған жүректегі қара дақтарды жібітсінші. Видеодағы ағаларымызға Алла разы болсын!!!
    8 жыл бұрын
  • инша Алла сизге де Алла разы болсын Сабыр Сансызбай!!!!!
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41