ЖАҚСЫ ҚЫЗ!
ЖАҚСЫ ҚЫЗ!

Жақсы қыз - жақсылықпен болысып,
Жамандықтан арылуға амал етер.
Жаман қыз - өз өзін қор қылып,
Сауапты емес, күнә істі жөн көрер.
Жақсы қыз - етегін жауып жүріп,
Ақылымен өз халқын тәнті етер.
Жаман қыз - әркімдерге елігіп,
Ар намысын бір - ақ күнде кетірер.
Жақсы қыз - ер алдында үнсіз болып,
Сабыр сақтап ахиретін ойлап жүрер.
Жаман қыз - әр нәрсені бір айтып,
Үйіңдегі берекетін кетірер.
Жақсы қыз - өзге жанға көз сүзбей,
Күнә істен тыйылуға амал етер.
Жаман қыз - ешбіріне мән бермей,
Ұят істен ұялмайтын күн кешер...!!!

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
9 жыл бұрын 5053
0 пікір
Блог туралы
0
118110 105 217 1301 41