Кең жазиралы байтақ даладан, бір қарт кісі немересімен бірге малдарын айдап үйіне келе жатқан екен. Жол бойында бір-бірімен ойнасып жұлқыласып жүрген бірнеше иттерді əлгі қарттың немересі көріп таңқалып тамсанып қызыға түседі. Тамсанысын жасыра алмай немересі: Атау анау иттерді қарашы қандай тату-тәтті ал бір-бірімен ойнағандары өз алдына бір бөлек əңгіме деп ағынан жарылыпты. Сонда атасы жымыйып: Құлыным мынау асыр салып ойнап жүрген тату-тәтті боп көрінген иттердің ортасына сүйек тасташы не боларын көрейік дейді. Немересі түскі асынан қалған сүйекті əлгі иттердің ортасына тастайды. Тып тыныш ойнап жүрген əлгі иттер сүйекті көре сала бірден өң түсін өзгертіп ырылдасып төбелесуге дейін барады. Мұны көріп дым түсінбегендей кейіпте немересі атасына қарай бет бұрады. Сол сәтте атасы: "Міне балам көрдің бе тату-тәтті ойнап жүрген иттер бір сүйекке бола ырылдасып жаға жыртысуға дейін барды. Өйткені иттің аты ит жаратылысы сондай қаншама тырысаң да оны еш өзгерте алмасын. Ал адамның жаратылысы хайуаннан бөлек сондықтан адам деген қашанда адам боп қалу қажет" деп артынан оймақтай ой қалдырып кетіпті.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Cаттар жаңа жазба қосты: "Zholdas Orisbayev: Жасанды интеллектіден қауіп бар..."бірнеше секунд бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Пастбищное скотоводство наносит меньше вреда клима..."КешеNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕ ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ АРА Т..."2 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Чудеса сотворения: почему человек, имея два глаза,..."3 күн бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап ..."3 күн бұрынТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ жаңа жазба қосты: "РУМИ: ҚАШАН РУХАНИ ЕСЕЙІП, ТОЛЫСАСЫҢ?..."5 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.