Сіз сенесіз бе?!
Сіз сенесіз бе?!

АҚШ метеорологтарының болжамы бойынша, шамамен 60 жылдан кейін Таяу Шығыста адамзат өмір сүре алмайтындай климат орнайды. Дәлірек айтқанда, Парсы шығанағы елдері тек салқындатқыш орнатылған арнайы бөлмелерде өмір сүреді. Осы себепті мұсылмандар қажылық парызын өтеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы болжам «Nature Climate Change» журналында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, жарты ғасырдан кейін араб елдерінде күн астында жүру мүмкін болмай қалады.

2071-2100 жылдар аралығында Катар, БАӘ және Иранда күн ерекше ысып, Дубай, Абу-Даби, Доха сынды қалаларда тіршіліктің қалуы екіталай. Қазіргі күннің өзінде аталған қалалардағы ауаның температурасы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

Мәселен, биылғы жазда Иран мен Ирак аумағында күндіз термометр бағаны 50 градусты көрсетсе, ол түннің өзінде 30 градустан төмендеген жоқ. Десек те оның бетін қайтаруға болатын көрінеді. Ол үшін Батыс елдері атмосфераға тастап жатқан праниктік газдардың мөлшерін күрт азайту керек. 

http://www.maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1148-60-zhyldan-kejin-kazhylyk-m-ldem-toktatyluy-m-mkin

Сабыр СансызбайСабыр Сансызбай
9 лет назад 3563
1 комментарий
  • Ақыр заманның белгісі ғой бұл! Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде адам қалмайтынын айтып кеткен. Осылайша ақыр заманның болатыны да ғылыми түрде дәлелденіп жатыр...
    9 лет назад
О блоге
0
118110 105 217 1301 41
Прямой эфир