Бір дана кісі сөзшең, өмірді көп көріп одан сабақ алып жүрген жанның бірі болса керек. Үнемі қасында кім болса да өсиет айтпай жүрмейді екен. Оны тыңдап жүрген адамдар да бір рухани ем алмай қайтпайтын көрінеді. Күндердің күнінде әлгі дана кісі қасындағыларға өмірден түйгенін былай баяндап: "Өмірімде табысқа жеткен адамды көрмеппін. Егер де көрген болсам ата анасына жақсылық қылуға нәсіп еткен жанның қатарынан болар. Уайым қайғысыз адам жоқ. Десе де «бұл жәй ғана өмір ғой» деп жүзінен күлкі үйіретін адам табылар. Ауыртпашылық түскенде жылама, мүмкіндігінше сәждеге жығыл" деп артынан маржаннан қымбат сөз қалдырыпты.
Маржаннан қымбат асыл сөз...
|

3 пікір
-
Ләйлә"Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра"...7 жыл бұрын
-
Сабыр СансызбайИә, дәл солай!7 жыл бұрын
-
Нурлыбек СабыргалиевОсы кезде атақты Фалес есімді оқымыстының мына сөзі ойыма келіп отыр. Ол: " Ең оңай іс-біреуге ақыл айту",-деген екен. Мен былай деп қосар едім:"Ең қиын іс-айтқан ақылыңа амал ету".Ақыл сұрай қалсаң "Бас-басына би болған өңкей қиқым".Бірақ, мұсылманның өмірі керемет емес пе?! Мұсылман өзі айтқан кеңесіне амал етеді. Сол үшін оның кеңесі жүректен өтіп,өзгенің амалынан көрініс табады.Солай ма?7 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Нарушает ли пост жевание безвкусной жвачки?..."7 сағат бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙ МЕН КЕДЕЙДІҢ АС МӘЗІРІНДЕ ҚАНШАЛ..."8 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Символ Рамадана, или почему мусульмане так любят ф..."КешеАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Шестиклассник из Туркестанской области изобрел "ум..."2 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Рамадан. Три степени поста..."3 күн бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналға..."3 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.